Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 «Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасына

 

«Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 «Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірледі.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты әкімдіктің «Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану болып табылады.

Қаулы жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
26 ноября 2025