Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 10-3), 10-4), 10-5) тармақшаларымен толықтырылсын:
«10-3) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
10-4) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
10-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.».
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтиды.
Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов