Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 «Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

          «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарасу ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 1 наурыздағы №31 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 тіркелген) күші жойылды деп  танылсын.               
  2. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіпте:

1)  аумақтық әділет органында осы қаулының  мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

    

Аудан әкімі

 

Қ. Оспанов

Дата публикации
26 ноября 2025