Қарасу ауылы 2025 жылғы 5 қараша
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасу ауданында 2025 жылғы 14 желтоқсанға сайлау тағайындалсын:
- Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы.
- 2025 жылғы 14 желтоқсанға тағайындалған Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ресми интернет-парақшасында және «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А. Едігенов
Комиссия хатшысы Б. Базарбаева