2025 жылғы 14 желтоқсанға Қарасу ауданының Айдарлы ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындауға байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 5-тармағына сәйкес сайлаушыларды Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің аумағында құрылған сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабардар етемін:
№ 493 сайлау учаскесі
Степной ауылының шекарасында
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Степной ауылы, Свердлов көшесі, 3, Степной бастауыш мектебінің ғимараты.
№ 505 сайлау учаскесі
Герцен ауылының шекарасында
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Герцен ауылы, Пушкин көшесі, 2, Герцен негізгі мектебінің ғимараты.
№ 518 сайлау учаскесі
Айдарлы ауылының шекарасында
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Айдарлы ауылы, Советская көшесі, 16, Айдарлы жалпы білім беретін мектебінің ғимараты.
№ 519 сайлау учаскесі
Дружба ауылының шекарасында
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Дружба ауылы, Пристанционная көшесі, 1, «AGRIMER KARASU» ЖШС кеңсесінің ғимараты.
Қарасу ауданының әкімі Оспанов Қ.Т.