|
1. Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау
|
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 5 қараша (113-1-б. 3-т.) |
|||||||||||||
|
2. Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 15 қарашадан кешіктірмей (22-б.) |
|||||||||||||
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 15 қарашадан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|||||||||||||
|
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|||||||||||||
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он бес күндік мерзімде - 2025 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|||||||||||||
|
6. Әкімдерге кандидаттарды ұсыну |
||||||||||||||
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар; Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады
2025 жылдың 6 қарашасында басталып, 2025 жылдың 18 қарашысында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3 б. 1-т., 5-т.) |
||||||||||||||
|
7. Әкімге кандидаттың оларға қойылатын талаптарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабымен және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен сәйкестігін белгілеу |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (4-б., 113-2-б.) |
|||||||||||||
|
8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген тұлғаларын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап (14-б. 8-1)-т., 31-б.) |
|||||||||||||
|
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімге кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 3-т.) |
|||||||||||||
|
10. Әкімге кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып Тиісті сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 8-т.) |
|||||||||||||
|
11. Кандидаттардың құжаттарын арнайы тексеру жүргізу үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу. |
||||||||||||||
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тіркеуге барлық құжаттар келіп түскен сәттен бастап (113-5-б. 4-т.) |
||||||||||||||
|
12. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу |
||||||||||||||
|
|
Әкімдерге кандидаттар, саяси партияларға (ұсынылған әрбір кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-б 2-т.) |
|||||||||||||
|
13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2025 жылғы 1 мамырға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну |
||||||||||||||
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|||||||||||||
|
14. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
||||||||||||||
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|||||||||||||
|
15. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||||||||||||||
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2025 жылғы 6 қарашасында басталып, 2025 жылғы 23 қарашасында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-б. 14-т.) |
|
|||||||||||||
|
16. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||||||||||
|
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей (113-б. 9-т.) |
|||||||||||||
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру |
||||||||||||||
|
Қарасу ауданының жергілікті атқарушы органдары және аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
||||||||||||||
|
18. Сайлау алды үгіт жүргізу |
||||||||||||||
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылдың 23 қарашасында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 13 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
||||||||||||||
|
19. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін Үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||||||||||
|
Қарасу ауданының жергілікті атқарушы органдары және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алды үгіт жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
|||||||||||||
|
20. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну |
||||||||||||||
|
Қарасу ауданының әкімі Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2025 жылғы 23 қараша (24-б. 5-т.) |
|
|||||||||||||
|
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||||||||||||||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2025 жылғы 29 қарашадан бастап (26-б. 1-т.) |
|
|||||||||||||
|
22. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету |
||||||||||||||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
|||||||||||||
|
23. Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу |
||||||||||||||
|
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 11 желтоқсаннан ерте емес және 12 желтоқсаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
||||||||||||||
|
24. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
||||||||||||||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын 2025 жылғы 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.) |
|
|||||||||||||
|
25. Дауыс беруді өткізу |
||||||||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|||||||||||||
|
26. Дауыс санау және сайлау учаскелерінде әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
||||||||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|||||||||||||
|
27. Сайлау учаскелерінің үй-жайларында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың көшірмелерін іліп қою |
||||||||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|||||||||||||
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
||||||||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8- б. 1-т.)
|
|||||||||||||
Ескерту: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.
|
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||