Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 2025 жылғы 19 қарашада сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік Тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды (бұдан әрі – Портал). Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қазанда № 24803 болып тіркелді.
«Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы».
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, одан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала келесі мәліметтерді көрсете отырып тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру арқылы сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген Астана қаласының уақытымен басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қоюға ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ БСН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16.
Есеп айырысу шоты (IBAN/ИИК) «Қазақстан Халық банкі» АҚ: KZ946017111000000330; БИК:HSBKKZKX.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолданылатын аукцион мынадай сату объектілері қойылады:
|
№ |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы (га) |
Сату объектісі (құқық түрі) |
Жер учаскесінің ауыртпалығы |
Жер учаскесінің кадастрлық бағалау құны |
|
1 |
Ауыл шаруашылығы техникасының тұрағына |
Айдарлы а/о Герцено ауылы, Карпатская көшесі |
0,2500 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
763 312,50 |
|
2 |
Ауыл шаруашылығы техникасын орналастыру үшін |
Ильичев а/о, Комсомол ауылы |
1,5800 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
3 216 090 |
|
3 |
Ангар,астық алаңы және мехток салу үшін |
Октябрь а/о Октябрь ауылы |
2,6000 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
8 996 910 |
|
4 |
ЖЖМ сыйымдылығын орналастыру үшін бетон алаңын орналастыру және салу үшін |
Ильичечв а/о, Комсомол ауылы |
0,5000 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
1 730 175 |
|
5 |
Ауыл шаруашылығы техникасының тұрағын орналастыру үшін |
Айдарлы а/о Айдарлы ауылы |
0,2412 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
834 636,42 |
|
6 |
Астық қоймасын және ауыл шаруашылығы техникасының тұрағын салу үшін |
Жамбыл а/о Жамбыл ауылы
|
1,0000 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
3 053 250 |
|
7 |
Ангар,астық алаңы, мехток салу үшін |
Қарамырза а/о, Кошевое ауылы |
4,000 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
12 213 000 |
|
8 |
Коммерциялық аймақ объектісін орналастыру үшін |
Қарасу ауылы |
0,5000 |
6 жыл мерзімге жалдау құқығы |
Ауыртпалық немесе бұғаттау жоқ |
1 831 950 |
Ұйымдастырушы: «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ
Ақпарат үшін телефон: 871452-21-7-71