Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 14 қазандағы шешімі

         "Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурстың конкурстық комиссиясының қорытынды отырысы, E-G-3 санаты.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 02 наурыздағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу қағидаларына сәйкес конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қарасу ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстың қорытындысы бойынша "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты."Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Тасболатова Айгүл Консултанқызы қабылдау ұсынылсын.

Анықтама үшін: ереженің 101-тармағына сәйкес осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен лауазымға орналасу жағдайларын қоспағанда, бес жұмыс күні өткеннен кейін, бірақ Конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ, егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір ай жұмыс істеу мерзімін белгілесе не Тараптардың уағдаластығы бойынша өзгеше белгіленсе мерзім, мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.

  1. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" ММ интернет-ресурсында конкурстық комиссияның қорытынды отырысының қорытындылары жариялансын.

 

 

Конкурстық комиссияның

төрағасы                                                                              Казакпаев С.А.

Дата публикации
14 октября 2025