Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 66 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қарасу ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

 

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарасу ауданының әкімі                                                    К. Оспанов

 

 

 

 

 

 

 






 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 августа 2025