2025 жылғы 22 маусымда Қарасу ауданы Ушаков және Черняев ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков және Черняев ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 259 азамат енгізілді, олардың 211 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жауғашев С.С. – 19; Кәкенов Т.Б. – 15; Нугманов М.С. – 165.
Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің әкімі болып Нұғманов Мүсілім Сұлтанғалиұлы сайланды, 1966 жылы туған, Железнодорожное ауылында тұратын «Суық Су» МКК дайын өнімді өткізу жөніндегі маман, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Қостанай облысы Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 611 азамат енгізілді, олардың 418 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 13.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
БЬалабеков І.Қ. – 48; Мұхамеджанов С.Б. – 30; Рақымжанов А.Б. – 319.
Қарасу ауданы Черняев ауылдық округінің әкімі болып Рақымжанов Азамат Базарбекұлы сайланды, 1993 жылы туған, Қарасу ауданы Ленин ауылында тұратын «Черняев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы