Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қарасу ауданының Черняев және Ушаков ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтерді хабарлайды:

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы әкімге мына кандидаттарды тіркеді:

Черняев ауылдық округі:

  1. Балабеков Ілияс Қайыржанұлы, 1993 жылы туған, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ сектордың меңгерушісі, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
  2. Мұхамеджанов Сәмір Бейбітұлы, 1993 жылы туған, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын «жұмыссыз, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
  3. Рақымжанов Азамат Базарбекұлы, 1993 жылы туған, Қарасу ауданы Ленин ауылында тұратын «Черняев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

 

Ушаков ауылдық округі:

  1. Жауғашев Сырымбек Сағандықұлы, 1982 жылы туған, Қарасу ауданы Белозер ауылында тұратын «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
  2. Кәкенов Талғат Бағытжанұлы, 1972 жылы туған, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын «Қарасу ауданы әкімі аппараты» ММ бас инспекторы, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
  3. Нұғманов Мүсілім Сұлтанғалиұлы, 1966 жылы туған, Қарасу ауданы Железнодорожное ауылында тұратын «Суық Су» МКК дайын өнімді өткізу жөніндегі маман, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

 

         Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
02 июня 2025