«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

                                                       Қосымша 2

Қазақстан Республикасы Экономика

және бюджеттік жоспарлау министрінің      бұйрығына

2013 жылғы 25 маусымдағы № 193

 

 

 

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету»

мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

 «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

 

    Жалпы ережелер

 

  1. Қарасу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамытуда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылтайшысы Қарасу ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
  4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында және банктерде шоттары болады.

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

 

"Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ (бұдан әрі-Бөлім) 1 Мемлекеттік қызмет көрсетеді"

         Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 73 үй, (1 қабат), индексі 111000. Байланыс телефоны 8 (71452) 21-5-88, 21-8-64

 

 

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

        

         «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету»  түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетеді.

       Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен – ауылға" жобасының сенім білдірілген агенті болып "Отбасы Банкі"тағайындалды.

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - "Baspana Market"сайтына өтініш келіп түскен сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде       

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі – электронды  жеткізгіште.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге, жазбаша түрдегі есепке немесе кезекке қою туралы нақты хаты, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы Келісімге отыру үшін  қызмет алушының қызмет берушіге өтініш білдіру туралы (мекен-жайы мен байланыстары көрсетілген) хабарландыру жіберу.

2024 жылы республикалық бюджет қаражатынан "Дипломмен - ауылға" бағдарламасы шеңберінде жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге 73 млн 111 мың 300 теңге сомасында 9 маманға бюджеттік кредит сатып алуға және 100 АЕК мөлшерінде 41 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 15 млн 137 мың 200 теңге берілді немесе 369 200 теңге.

 Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер білім беру саласындағы 8 маманға, 1-ауданымызға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау саласының мамандарына берілді .

 41 маманға көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде 30 - білім беру саласы, 4-денсаулық сақтау,1-әлеуметтік қамтамасыз ету, 2-Мәдениет, 1-спорт, 3-АӨК

 

 

Қызмет алушылармен жұмыс.

 

         Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін аудандық әкімдік ғимаратында 1 қабатта «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» стенді жабдықталған, онда мемлекеттік қызмет көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер (ережелер, өлшемдер ) орналастырылған. Стендте орналасқан барлық ақпарат үнемі жаңартылып отырады, сондай-ақ жеке қабылдау барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолдау телефоны: 300.

         Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жүйелі түрде жергілікті БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ жыл сайын Қарасу ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе куәландырылған бір реттік пароль арқылы Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы құжаттарды ұсынады. Ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізіледі, олар ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне ұсынылады.

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

 

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігі үшін бөлім қызмет алушыларды мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мекемелері басшыларының қатысуымен Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (семинарлар, кездесулер, түсіндіру әңгімелері) санын арттыруды жоспарлады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде тезірек әрекет ету мүмкіндігі үшін қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету қажет. Көрсетілетін қызметті алушылармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мониторингін жүргізуді және жыл сайынғы мониторинг нәтижелерін талдауды жүзеге асыру қажет.

 

 

«Қарасу ауданы әкімдігінің экономика

және   бюджеттік   жоспарлау   бөлімі»

мемлекеттік мекемесніңі басшысы                                        З. Жетписбаева                                              

 

Дата публикации
27 апреля 2025