«Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша

 

 

«Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 73 мекенжайында орналасқан, тел: 8 (714 52) 22-0-78, электрондық мекен-жайы: arkh_karasu@mail.kz

          Барлық қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ережеге сәйкес көрсетіледі.

         ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы № 39 НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ 6 қызмет түрін ұсынады.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Жоғарыда көрсетілген қағидалар негізінде бөлім 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою;

2) құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

3) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;

эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

5) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

6) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс орналастыруға міндетті.

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 210 құрады, оның ішінде Е-лиценза арқылы - 147, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 25, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 38.

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0, бас тарту саны-10.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: 2024 жылдың 12 айында «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады – 85

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттында орналастырылған http://karasu.kostanay.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат Бөлімнің әкімшілік ғимаратының дәлізінде және басқа да көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар): мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде және қызметтік телефон арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы брошюралар әзірленді. Бөлім басшысының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын түсіндіру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту, бөлім басшысы жанындағы кеңестер тұрақты негізде жүргізіледі. Сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, статистикалық есептілікті бұрмалауға жол бермеу, ақпараттық жүйенің («Е-лицензиялау» ИАЖ) техникалық ақауларын жоюды және оларға жол бермеу мақсатында бөлім мамандары ҰАТ АҚ мамандарымен тығыз жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда ақпараттық жүйеде проблемалар туындаған кезде уәкілетті органдарға хабарлама-хаттар жіберіледі.

Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында бекітілген медиа-жоспарға сәйкес 1 жарияланым орналастырылды.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері: мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар: тұрақты негізде қызметкерлермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзу белгіленбеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мониторинг жүргізілмеген.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері: мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру: қызмет көрсету тәртібінің қолжетімділігі мақсатында бөлімнің ақпараттық стендінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат (қағидалар, қажетті құжаттар тізбесі) орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім беру үшін фронт-офис бар. Ғимаратқа кіре берісте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қарастырылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі аудандық «Қарасу өнімдері» газетінде және Қарасу ауданы әкімінің сайтында мерзімді түрде жарияланады, сондай-ақ сенім телефоны туралы ақпарат бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі бөлімнің қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2024 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді танымал етуді қамтамасыз етуге шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.
Дата публикации
27 апреля 2025