Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков және Черняев ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2025 жылғы 27 мамырда сағат 18.00-де Қарасу ауданы Черняев және Ушаков ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Ушаков сайлау округінде үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат «өзін-өзі ұсыну» арқылы ұсынылды және бір кандидат «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Черняев сайлау округінде үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат «өзін-өзі ұсыну» арқылы ұсынылды және бір кандидат «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2025 жылғы 1 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

 

Дата публикации
27 мая 2025