Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2025 жылғы 27 сәуірде Қарасу ауданы Новопавлов ауылының әкіміне сайлау өтті.

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қарасу ауданының Новопавлов ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Новопавлов ауылы әкімінің сайлауы бойынша

Новопавлов сайлау округі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 406 азамат енгізілді, олардың 219 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 15.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дәуітов А.Б. – 21; Қанапин Д.Ы. – 12; Қаппасов А.С. – 168.

Новопавлов ауылының әкімі болып Азамат Сәбитұлы Қаппасов сайланды, 1978 жылы туған, «Новопавлов ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі, Қарасу ауданының Новопавлов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

 

 

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 апреля 2025