Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №_ қаулысына қосымша
2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған
Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылы әкімінің
сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Қарасу ауданы Новопавлов ауылы әкімінің сайлауын тағайындау. |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 19 наурыз (113-1-б. 2, 3-т.) |
|
2. Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, шекараларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 29 наурыздан кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 29 наурыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 3 сәуірден кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2025 жылғы 3 сәуірден кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкіміне кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылғы 20 наурызда басталады және 2025 жылғы 1 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б. 5-т.)
|
|
7. Әкіміне кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы (4-б. 2)-тт, 113-2-б. 3-т)
|
|
8. Әкіміне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1)-тт., 31-б.)
|
|
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдеріне кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4 б. 3-т) |
|
10. Әкіміне кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 8-т.) |
|
11. Әкіміне кандаттардың құжаттарын арнайы тексеру жүргізу үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдау. Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап (113-5-б. 4-т.)
12. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу
|
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
13. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2025 жылғы 1 қаңтарға) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
|
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
15. Әкіміне кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады 2025 жылғы 20 мамырда басталады және 2025 жылғы 6 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б. 14-т) |
|
16. Әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 6 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылғы 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
19. Әкіміне кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
20. Әр сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Ауданының әкімі Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2025 жылғы 6 сәуір (24-б. 5-т.)
|
|
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2025 жылғы 12 сәуірден бастап (26-б. 1-т.)
|
|
22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 17 сәуірден кешіктірмей
(18-б. 5)-тт., 38-б. 2-т.) |
|
23. Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу. |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 24 сәуірден ерте емес және 25 сәуірден кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 27 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8)-тт., 43-б.) |
|
27. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою.
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
29. Әкімі сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей (113-10-б. 1-т)
|
|
30. Әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей (44-б.)
|
|
31. Сайланған әкімін тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.