Қарасу ауданы әкімінің және Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2025 жылғы 27 сәуірге Қарасу ауданының Новопавлов ауылының әкімін сайлауды тағайындауға байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 5-тармағына сәйкес сайлаушыларды Қарасу ауданының Новопавлов ауылының аумағында құрылған сайлау учаскесінің шекаралары туралы хабардар етемін:
Сайлау учаскенің шекаралары
№ 486 сайлау учаскесі
Новопавлов ауылының шекарасында
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері – Новопавлов ауылы, Садовая көшесі, 2, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Аудан әкімі Оспанов Қ.Т.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына, 17-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының құрамын, олардың орналасқан жерін жария етеміз:
Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Қарасу ауданы, А.Исақов көшесі, 75, балалар өнер мектебінің ғимараты, т. 871452-21256.
Комиссия төрағасы – Едігенов Айдос Дүйсенбіұлы;
Төрағаның орынбасары - Жайлебаева Светлана Анатольевна;
Хатшы – Базарбаева Ботагөз Жанатқызы;
Комиссия мүшелері: Қазиев Асхат Архатұлы, Рогозик Юлия Николаевна, Төлегенова Рәзиха Мертінайқызы, Шенберг Светлана Ивановна.
Учаскелік сайлау комиссиясы:
№ 486 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Новопавлов ауылы, Садовая көшесі, 2, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Комиссия төрайымы - Кинжебаева Елена Владимировна;
төрайымның орынбасары - Калель Сагадат;
хатшы - Помыткина Татьяна Васильевна;
комиссия мүшелері: Баранова Наталья Николаевна, Базюк Алма Айтугановна.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабы 2-тармағына сәйкес Новопавлов ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округтері шекараларын, сайлау комиссиясының орналасқан жерін және шекараларын көрсете отыра жария етеміз:
Новопавлов сайлау округі
Қарасу ауданы Новопавлов ауылының шекарасында
Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 75, Балалар өнер мектебінің ғимараты, т. 87452-21256.
Дауыс беру 2025 жылғы 27 сәуірде сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
Қарасу аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Едігенов