Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12 «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                № 26733 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

         көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген қағидалар осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының  аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

 

 

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                    

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 марта 2025