Қарасу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 132 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24273 болып тіркелген) мынадай өзгеріс  енгізілсін:

көрсетілген қаулының  қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының  аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
04 марта 2025