«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау – 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
- Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға
|
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы
|
Ш.Өтемісов
|
Астана қаласы
2025 жылғы 27 ақпан
№ 8/12