"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары

"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.06.2022 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру және "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу", "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді және халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру тәртібін айқындайды.
  2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалар "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының облыстық филиалдарынан және (немесе) жергілікті атқарушы органнан келісім алады.
  3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру тәртібі

  1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға "Қазавтожол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалдарымен келісім алу;

      2) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жергілікті атқарушы органдармен келісім алу;

      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру.

  1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңындажазылған.
  2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісті жағдайда ұстайды.

3-тарау. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілген қызмет көрсету стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 1-стандарт) сәйкес құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жазылған.

  1. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын 1-стандартта жазылған.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  3. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 - стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 10-тармақта көрсетілген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңындабелгіленген талаптарға сәйкес тексереді және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға жазбаша келісімді берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
  2. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1-стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жазбаша келісім беріледі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

 

Дата публикации
21 февраля 2025