Жоба алды рәсімдері және жобалау

 Жоба алды рәсімдері және жобалау

1-параграф. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      22-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.12.2024 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);

      2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу

      3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;

      4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

      5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

      Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.

  1. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жобаларды іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу;

      2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін жобаларды жобалау және сараптау;

      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

      4) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

      Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) (бір функционалдық мақсат шеңберінде) лицензиясы бар тұлғалар орындаған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес әзірленген техникалық жоба негізінде жүзеге асырылады. ЖАО-ның шешімін алу, жобалау және сараптамадан өту талап етілмейді. Объектіні пайдалануға беру кезінде техникалық жоба меншік иесінің объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қоса беріледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 25.06.2024 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектілерді салу бойынша өз қызметін "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелді) бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

      1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

      2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);

      3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

      4) тік жоспарлау белгілері;

      5) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

      6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары.

  1. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

      1) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;

      2) СЖТ;

      3) техникалық шарттар (өтініш берушімен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын беру кезінде (бұдан әрі – сауалнама парағы));

      4) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш берушінің сауалнама парағын беру кезінде).

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. "Сарыарқа" газ құбырын магистральдық және тарату желілерін қоспағанда, жобаланып жатқан инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. СЖТ мен техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімі ішінде қолданылады.

      Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, СЖТ және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.

      Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, СЖТ және техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон және "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес қалыптасатын техникалық қадағалау есептері жауапкершілігі бірінші және екінші деңгейдегі объектілердің құрылысы басталғаны туралы растайтын құжаттар болып табылады.

      Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі объектіні пайдалануға енгізгенге дейін қолданылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 25.06.2024 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
  2. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырыс беруші берген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес СЖТ-ның негізгі талаптары мен ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды қозғамайтын жағдайларды қоспағанда, реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) жобалары бойынша міндетті сараптамаға жататын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.

      Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің алдында тапсырыс беруші аттестатталған сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы үй-жай, ғимарат немесе құрылыс конструкцияларының физикалық жай-күйіне, сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық зерттеп тексеру жүргізеді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жол құрылысының жобалары "Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелді) бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Заңның 9-1-тарауына және "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелді) бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дата публикации
21 февраля 2025