Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органмен", "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда" деген сөздер тиісінше "Еңбек мобильділігі орталығына", "Еңбек мобильділігі орталығы", "Еңбек мобильділігі орталығының", "Еңбек мобильділігі орталығымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Еңбек мобильділігі орталығында"

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 106-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекомуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      2) ассистент – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын мансап орталығының қызметкері;

      3) әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      4) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      5) Электрондық еңбек биржасы – Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      6) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      7) жұмыс іздеп жүрген адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінген жеке тұлға;

      8) жұмыссыз адам – жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      9) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын төлемдер;

      10) лайықты жұмыс - кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      12) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      13) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      14) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      15) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

      16) жұмысқа орналастыру – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

      17) жұмысқа орналастырудың жеке жоспары – жұмыссыздың жеке деректері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде жоспарланатын және іске асырылатын іс-шаралар көрсетілетін құжат;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Процес сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі) осы Қағидалардың "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-қосымшасына, "Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшасына және "Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып келтірілген.

2-тарау. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

  1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:

      1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы;

      2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      3) "Электрондық еңбек биржасы" (бұдан әрі- enbek.kz порталы) арқылы жүзеге асырылады.

1-параграф. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

  1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына немесе уақытша орналасқан жері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес Талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Жеке басын куәландырғаннан және "Еңбек биржасы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.

  1. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ заңды өкілдерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішін ұсынады.
  2. Мансап орталығының маманы ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.
  3. Ұсынылған дербес деректердің (мәліметтердің), құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, мансап орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және ізденушіге осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.
  4. Мансап орталығының қызметкері ізденушіге жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары және мансап орталығы көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат ұсынады.
  5. Мансап орталығының қызметкері ізденушінің жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде ол туралы дербес ақпарат алу үшін "Еңбек нарығы" ААЖ-да мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады, сондай-ақ "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы Жұмыспен қамтудың жеке картасына ізденушінің дербес деректерін енгізеді.
  6. "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізген дербес деректердің негізінде, жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына қарай ізденушінің тиісті санаты автоматты түрде айқындалады.
  7. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығы анықталғаннан кейін халықты мансап орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді және ізденушіге осы Қағидаларға 4-қосымшадағынысанға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама береді.

      Ізденушіге жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы хабарламаны беруді халықты мансап орталығыжеке куәлігін, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Адам ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабар алады.

  1. Мансап орталығының қызметкері ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.
  2. Ауылдық елді мекенде мансап орталығы болмаған жағдайда ізденуші ауылдық округ әкімдігінің аппаратына ассистентке жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жүгінеді. Ассистент ізденушінінің деректерін алдын ала толтыруды жүргізеді.
  3. Ізденуші ассистентке осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес Талаптар тізбесінде көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ассистент ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.

  1. Ассистент ізденушінің деректерін толтыру кезінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамтудың жеке картасына дербес деректерді енгізеді. "Еңбек нарығы" ААЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда ассистент жұмыспен қамтудың жеке картасын электрондық нысанда немесе қағаз түрінде толтырады.
  2. "Еңбек нарығы" ААЖ-да осы Қағидалардың 11-тармағынасәйкес жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып, ізденушіні санаттарға бөлуді жүргізіледі.
  3. Ассистент ізденушіні enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.
  4. Ассистент ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректерің (мәліметтердің) дәйектілігін анықтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мансап орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес Талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
  5. Мансап орталығының қызметкері ассистенттен құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушінің дербес деректерін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді, ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды және ізденушіге ассистент немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы тіркеу күні туралы хабарлайды.
  6. Ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін қайта жүгінген кезде мансап орталығының қызметкері ізденушінің бұрын ұсынған дербес деректері мен мәліметтерінің дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады және (немесе) және жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді енгізеді.
  7. Мансап орталығы мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
  8. Мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тарауынасәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.

 

Дата публикации
21 февраля 2025