"Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

"Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш негізінде "Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. Осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес "Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) алу үшін өтініш беруші "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын, мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішпен және мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.
  2. Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы (сәйкестендіру үшін);

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

      Жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдар протездік-ортопедиялық көмек алуға өтініш берген кезде:

      1) өндірістегі мүгедектікке алып келген жазатайым оқиға туралы;

      2) кінәсінен жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      ҰОС қатысушылары, ҰОC мүгедектігі бар адамдары өтінішке ҰОC қатысушылар, ҰОC мүгедектігі бар адамдар немесе ҰОC мүгедектігі бар адамға теңестірілген адам куәлігін қоса береді.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Ұсынылған түпнұсқалармен сәйкестендіргеннен кейін құжаттардың көшірмелерін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Құжаттарды беру кезінде өтініш берушіге:

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  1. Өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді (құжаттарды) ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды.

      Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы өтініш берушінің абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы хабардар етеді.

      Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелерінің, жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы осы Қағидаларға 6-қосымшағасәйкес нысан бойынша беріледі.
  2. Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне және Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағым "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31679 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 4 бұйрық) бекітілген тәртіппен "Электрондық өтініштер" ақпараттық-талдау жүйесінде (бұдан әрі – "Электрондық өтініштер" АТЖ) тіркелуге тиіс.

      Шағымды тіркеу ӘРПК 64-бабының 3-бөлігінде көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

      "Электрондық өтініштер" АТЖ-да тіркегеннен кейін әрбір шағым бойынша өтініш берушіге күні мен уақытын, шағым қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымын көрсете отырып, № 4 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша талон беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың және жұмыспен қамту бөлімінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар және жұмыспен қамту бөлімі және егер шағым үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметті нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

 

Дата публикации
21 февраля 2025