Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 10.08.2021 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген

 

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік субсидияларды (бұдан әрі – субсидиялар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде беру тәртібін және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын және Бірыңғай байланыс орталығын хабардар етеді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.11.2023 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары – бірінші ұрпақта гетерозис нәтижесінде ең үздік ата-енелік нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін будандық өсімдіктер беретін, генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандарды будандастырудан алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта, құмай, қызанақ және қияр тұқымдары;

      3) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

      4) отандық тыңайтқыштарды өндіруші (бұдан әрі – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндіруді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      5) өнеркәсіптік жылыжай кешені – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны жете ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), жете жарық беру (бар болса), перделеу, тамшылатып суару жүйелерін қамтитын, кемінде 5 000 шаршы метр жалпы мүкәммалдық ауданы бар қорғалған топырақтағы құрылысжайлар кешені;

      6) өтінімдер – мынадай субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімдер:

      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) басым дақылдар өндiру шығындарын ішінара өтеуге;

      бірегей тұқым өндірушінің (бұдан әрі – оригинатор) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарынан алынған отырғызу материалын (телітушілер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге;

      элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (бұдан әрі – элиттұқымшар) нақты сатып алынған бірегей тұқымдар үшін;

      тұқым өсіру шаруашылығының (бұдан әрі – тұқымшар), ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) нақты сатып алынған элиталық тұқымдар үшін;

      ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдары, мақтаның екінші репродукция тұқымдары, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары және (немесе) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің нақты сатып алынған және пайдаланылған элиталық көшеттері (бұдан әрі – элиталық көшеттер) үшін;

      ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін;

      ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің толық құнымен сатып алынған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшін;

      7) өтпелі өтінімдер – мынадай субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімдер:

      элиттұқымшардың, тұқымшардың немесе тұқым өткізушінің (бұдан әрі – өткізуші) ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің арзандатылған құнымен сатып алған субсидияланатын тұқымдары үшін;

      тыңайтқыштар өндірушінің ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнымен сатып алатын тыңайтқыштары үшін;

      пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушінің ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнымен сатып алатын пестицидтері, биоагенттері (энтомофагтары) үшін субсидия алуына арналған электрондық өтінімдер;

      8) пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) жеткізуші – псетицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген инсектицидтерді, фунгицидтерді, гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      9) пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) отандық өндіруші (бұдан әрі – пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруші) – Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруді жүзеге асыратын және биоагенттерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген пестицидтерді өткізуді жүзеге асыратын арнайы жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      10) пестицидтердің, биоагенттердiң (энтофагтардың) ең төменгі құны – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) баға ұсыныстарын (прайс-парақтарын), сондай-ақ субсидиялар нормаларын белгілеу үшін мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты талдау жолымен айқындайтын, Қазақстан Республикасы аумағында тиісті жылға қалыптасқан пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) ең төменгі бағасы;

      11) пестицидтерді қолдану регламентi – пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;

      12) субсидияланатын тұқымдар – бірегей тұқымдар, элиталық тұқымдар, бірінші репродукция тұқымдары, мақтаның екінші репродукция тұқымдары, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары немесе элиталық көшеттер;

      13) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      14) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, "электрондық үкіметтің" веб-порталымен және аграрлық ахуалдық орталықпен өзара іс-қимыл жасасуға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің (өтпелі өтінімнің) субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;

      15) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, СМАЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      16) танаптың кадастрлық нөмірі – Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып берілетін, танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған танаптың бірегей коды;

      17) тыңайтқыштарды жеткізуші – тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      18) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;

      19) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан тыңайтқыштардың тиісті жылға арналған, тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгілеу үшін олардың баға ұсыныстарына (прайс-парақтарды) талдау жүргізу жолымен ЖАО айқындайтын тыңайтқыштардың ең аз нарықтық құны;

      19-1) фермерлік жылыжайлар – ҚР СТ 3834 "Фермерлік жылыжайлар. Жалпы техникалық талаптар" ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін ауыл шаруашылығы дақылдарын маусымаралық өсіруге арналған жылытылатын құрылысжайлар;

      20) шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші – шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;

      21) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      22) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.11.2023 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Субсидиялар оригинаторларға, элиттұқымшарларға, тұқымшарларға, өткізушілерге, ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша беріледі:

      1) басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық көшеттер өндiруді дамыту;

      2) тұқым шаруашылығын дамыту;

      3) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату;

      4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын арзандату.

      4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ЖАО мыналарды қалыптастырады:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялар көлемдері;

      2) басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары;

      3) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары);

      4) субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары).

      Бұл ретте ЖАО басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келіседі.

      6. Облыстардың әкімдері субсидиялаудың бекітілген көлемі шегінде бөлінген қаражатты осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша қайта бөледі.

      7. Ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Басқарма) субсидиялаудың тиісті бағыттары бойынша ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да орналастырады.

      8. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидияларды төлеу өтінім берілген сәттен кейінгі келесі айдан бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

      Мәлімделген субсидиялар көлемдері тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан асып кеткен жағдайда, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялар көлімі СМАЖ-ға орналастырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген субсидиялаудың әрбір бағыты бойынша Басқарма қабылдаған өтінімдер (өтпелі өтінімдер) резервке (күту парағына) келіп түседі.

      Ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде субсидияларды төлеу резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында қосымша қаражат болмаған жағдайда, резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидиялар келесі қаржы жылында төленеді.

      Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды.

      Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қарау және субсидиялар төлеу, оның ішінде резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша төлеу өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Келесі өтінім (өтпелі өтінім) алдыңғы өтінім (өтпелі өтінім) қаралғаннан кейін қаралады.

      Аванстық субсидиялау тетігі шеңберінде өтпелі өтінімдерінің жеке кезектілігі қарастырылады. Өтпелі өтінімдерін қарау өтпелі өтінімдерін тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Кейінгі өтпелі өтінімі алдыңғы өтпелі өтінімі қаралғаннан кейін қаралады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. ЖАО тиiстi жылдың 30 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша СМАЖ-дан жүктелген субсидияны пайдалану туралы жиынтық ақпарат ұсынады.

      10-1. Өсімдік шаруашылығында субсидия алатын ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері) агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемін ақшалай мәнде (мың теңге) өткен жылғы деңгейде өсуін/сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қарсы міндеттемелерді сақтауы қажет.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы заттай мәндегі өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна/бас/дана х агроөнеркәсіптік кешеннің өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы, мың теңге.

      Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.

      Ағымдағы жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі мен өткен жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі арасындағы айырма арқылы есептелетін теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-бағаны) қарсы міндеттеме орындалмаған болып есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім (өтпелі өтінім) беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші және кейінгі рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім (өтпелі өтінім) беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасы 2024 жылғы тұрақты негізде белгіленеді. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім (өтпелі өтінім) берілгенге дейін 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Бұл көрсеткіш түзетілмеуге тиіс. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.

      Тауар өндірушінің міндеттемелерді орындау деңгейі СМАЖ-да белгіленеді.

      Ескерту. Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшада (бұдан әрі – № 1 тізбе) жазылған.

      "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада (бұдан әрі – №2 тізбе) жазылған.

      "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада (бұдан әрі – № 3 тізбе) жазылған.

      "Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада (бұдан әрі – № 4 тізбе) жазылған.

      ЖАО Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидия алу сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Субсидиялар беруден бас тарту № 1, № 2, № 3 және № 4-тізбелердің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      13. Субсидия беру үшін қажетті мәліметтерді қамтыған СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, ЖАО СМАЖ-ға қолжетімділікті бере отырып, туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблемалар туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      15. Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

      Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) СМАЖ-ға өтінім (өтпелі өтінім) бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, "сұраным-жауап" режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).

      Бұл ретте, аванстық субсидиялау тетігі шеңберінде сатып алынған тыңайтқыштардың шығындарын тыңайтқыш өндіруші ЭШФ АШ-дан алынған "XML (eXtensible Markup Language)" форматындағы электрондық шот-фактураны жүктеу арқылы растайды.

      Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидияларды алмаған жағдайда (мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдаланбаған кезде), ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) өтініші бойынша Басқарма басшысы СМАЖ арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактураларды бұғаттан шығаруды жүзеге асырады.

      Соманың өзгеруіне байланысты және субсидияларды алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактуралар қайтарып алынған, жойылған және түзетілген жағдайда, субсидия алушы алынған субсидияларды ЖАО-ға қайтарады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дата публикации
20 февраля 2025