Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары

Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2022 № 204 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-бабы 1-тармағының 16-6) тармақшасына және 48-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер учаскесі – Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      2) жария кадастрлық карта (бұдан әрі – ЖКК) – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;

      3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі Жер кодексінде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;

      4) кадастрлық (бағалау) құн – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалдау құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа және түзету коэффициенттеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;

      5) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      6) ұйымдастырушы – мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру тәртібі

      3. Жер учаскесін сауда-саттыққа (аукциондарға) шығару мынадай екі тәсілмен жүзеге асырылады:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – сатушы) сауда-саттыққа (аукциондарға) шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін кейіннен ЖКК-да орналастыра отырып, қалыптастыруы;

      2) сұратылатын жер учаскесін бөлу схемасын өз бетінше ЖКК-да қалыптастыру жолымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) шығару туралы ұсыныстар (бұдан әрі – ұсыныс) беру.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жер учаскесін алуға мүдделі тұлға республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шекаралары шегінде ұсыныс беруді мынадай тәртiппен жүзеге асырады:

      1) порталда авторландыру рәсімінен өтеді, порталда авторландыру жүзеге асырылғаннан кейін ЖМБМК АЖ-ға көшу жүзеге асырылады;

      2) сұратылып отырған жер учаскесін сызады және ЖКК-да сұратылып отырған жер учаскесінің схемасын қалыптастырады.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шекаралары шегіндегі жер учаскесі құрылыс мақсаттары үшін сұратылған жағдайда, инженерлік желілерге қосу үшін электрондық нысанда сауалнама парағын толтырады;

      3) жер учаскесін алуға мүдделі тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қою арқылы порталда ұсыныс қалыптастырады;

      4) қол қойылған ұсыныс портал арқылы сатушыға жіберіледі;

      5) жер учаскесін алуға мүдделі тұлғаның жеке кабинетіне ұсынысты қабылдау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жер учаскесін алуға мүдделі тұлғалардың ЖКК-да сауда-саттықтың (аукционның) кез келген сатысында жер учаскелері туралы мәліметтерді қарауға және жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) шығару туралы шешім қабылданғанға дейін ұсыныс енгізуге мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. ЖКК-да жер учаскесінің шекараларын енгізу кезінде оған шартты сәйкестендіру нөмірі беріледі.

      Сұратылып отырған жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға) шығарылмаған не сұраным болмаған жағдайларда, ЖКК-да сұратылып отырған жер учаскесінің мәртебесі өзгереді, сұранысқа ие еместігі не жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) қоюдан бас тартылғаны туралы белгі қойылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сатушы келіп түскен ұсынысты 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жолдайды.

      Құрылымдық бөлімше келіп түскен ұсынысты қарайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес белгіленген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындайды және сұратылып отырған жер учаскесін беру мүмкіндігі анықталған жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолданыстағы инженерлік желілерді көрсете отырып, жер учаскесін беру схемасын қалыптастырады.

      Құрылымдық бөлімше жер учаскелерін беру схемасын дайындаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын қоса бере отырып, оларды Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 1-3) тармақшасына, 18-бабының 1-2) тармақшасына, 19-бабының екінші бөлігіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі бекіткен тізбедегі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға бекітуге бір мезгілде жолдайды.

      Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жер учаскесін беру схемасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық нысанда қорытындылар ұсынады.

      Табиғи монополиялар субъектілері мынадай мерзімде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды қосымша ұсынады:

      техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;

      техникалық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден уәжді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.

      Жер учаскелерін беру схемасын бекіту ешқандай ескертулерсіз және ескертпелерсіз жүзеге асырылады.

      Құрылымдық бөлімше келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оң қорытынды алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін беру схемасын:

      жер учаскесін алуға мүдделі тұлғаның танысуы үшін порталдағы жеке кабинетке;

      жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) одан әрі дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Порталда сауда-саттыққа (аукционға) жер учаскесін орналастырғанға дейін уәкілетті органның қызметкері әрбір сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша:

      1) бос жер учаскелері туралы мәліметтердің орналастырылуын;

      2) мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерінің енгізілуін қамтамасыз етеді:

      сауда-саттық (аукцион) объектісінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт;

      жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату-сатып алу шартының жобасы.

      Бос жер учаскелері бойынша мәліметтер мынадай тәртіппен орналастырылады:

      1) уәкілетті органның қызметкері бос жер учаскелері бойынша мәліметтерді өңірлік геоақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – ӨГАЖ) енгізеді, ал ӨГАЖ бос жер учаскелері бойынша мәліметтерді ЖМБМК АЖ-ға береді;

      2) ЖМБМК АЖ жер учаскесіне шартты сәйкестендіру нөмірін береді және оны ӨГАЖ-ға жібереді. Жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірі порталда сауда-саттықты (аукционды) құру үшін пайдаланылады;

      3) ЖМБМК АЖ бос жер учаскелері бойынша ӨГАЖ-дан алынған мәліметтерді ЖКК-ға қайта бағыттайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Веб-порталда сауда-саттық (аукцион) құру:

      1) сатушының қызметкері ЖМБМК АЖ-дан алынған жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірін, жер учаскесінің фотосуреттерін және осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін енгізеді;

      2) сауда-саттық (аукцион) объектісін құрғаннан кейін веб-портал сауда-саттықтың (аукционды) өткізілетін күнін, уақытын және "Сауда-саттыққа (аукционға) өтінімдерді қабылдау" мәртебесін ЖМБМК АЖ-ға автоматты түрде жібереді;

      3) ЖМБМК АЖ алынған мәліметтерді сақтайды және оларды ЖКК-ға қайта бағыттайды;

      4) ЖКК-да жер учаскесі шекараларының схемасында "Сауда-саттыққа (аукционға) өтінімдерді қабылдау" мәртебесі және сауда-саттықты (аукционды) өткізу күні мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сатушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырушымен сауда-саттық (аукцион) объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттық (аукцион) ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасады.

      12. Сауда-саттықты (аукционды) ұйымдастыру үшін сатушы веб-порталда сауда-саттықты (аукционды) өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын сауда-саттық (аукцион) өткізілетіні туралы хабарлама орналастырады.

      13. Сауда-саттық (аукцион) өткізілетіні туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) сауда-саттық (аукцион) әдісі;

      2) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы және ең төменгі бағасы;

      3) жер учаскесінің орналасқан жері, оның алаңы және нысаналы мақсаты;

      4) иеліктен шығарылатын құқық түрі (жер учаскесінің меншік құқығы немесе жалдау құқығы);

      5) сауда-саттықтың (аукционның) өткізілетін күні мен уақыты (веб-порталда жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте емес және күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын уақытта белгіленеді);

      6) жер учаскесіне барлық ауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі;

      7) жер салығының немесе жалдау ақысының мөлшері;

      8) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін (жер учаскесін жалдау құқығын) сату жөніндегі сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға арналған өтінімге (бұдан әрі – өтінім) қоса берілетін, қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;

      9) кепілдік жарнаның мөлшері мен енгізу тәртібі, ұйымдастырушының деректемелері;

      10) сауда-саттық (аукцион) объектісін сату және жалдау бағасын төлеу тәртібі;

      11) өтінімдерді қабылдау мерзімдері.

      14. Сауда-саттыққа (аукционға) қатысу үшін қатысушы порталда өтінім береді және ЭЦҚ қояды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

      17. Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушының өтінімі қатысушының сауда-саттық (аукцион) шарттарымен келісімін қамтиды.

      18. Сауда-саттыққа (аукционға) қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық (аукцион) объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) %-ын құрайды, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болмайды және 30 (отыз) мың АЕК-ден аспайды.

      19. Кепілдік жарнаны сауда-саттықтың (аукционның) ұйымдастырушы қабылдайды және сауда-саттық (аукцион) өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының деректемелеріне енгізіледі.

      20. Өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерден автоматты режимде алынбаған жағдайда, қатысушы деректерді өзі енгізеді, сондай-ақ өтінімге растаушы құжаттарды қоса тіркейді.

      21. Автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      22. Өтінімді қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың (аукционның) басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықтың (аукционның) өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;

      2) қатысушының Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмеуі;

      3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы.

      23. Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға портал аукцион нөмірін береді.

      Жер учаскелері бойынша сауда-саттықтың (аукциондардың) ағымдағы сатысы туралы мәліметтер порталдан ЖКК-ға жіберіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сауда-саттық (аукцион) сатып алушысының кепілдік жарнасы сауда-саттық (аукцион) нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа (аукционға) қатысу кезінде мәлімделген талаптармен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

      25. Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 916-бабының 10-тармағына сәйкес қайтарылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдай орын алған кезде ұйымдастырушы кепілдік жарнаны тиісті бюджеттің

Дата публикации
20 февраля 2025