Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органмен", "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда" деген сөздер тиісінше "Еңбек мобильділігі орталығына", "Еңбек мобильділігі орталығы", "Еңбек мобильділігі орталығының", "Еңбек мобильділігі орталығымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Еңбек мобильділігі орталығында"

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 106-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекомуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      2) ассистент – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын мансап орталығының қызметкері;

      3) әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      4) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      5) Электрондық еңбек биржасы – Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      6) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      7) жұмыс іздеп жүрген адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінген жеке тұлға;

      8) жұмыссыз адам – жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      9) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын төлемдер;

      10) лайықты жұмыс - кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      12) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      13) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      14) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      15) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

      16) жұмысқа орналастыру – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

      17) жұмысқа орналастырудың жеке жоспары – жұмыссыздың жеке деректері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде жоспарланатын және іске асырылатын іс-шаралар көрсетілетін құжат;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Процес сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі) осы Қағидалардың "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-қосымшасына, "Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшасына және "Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып келтірілген.

Дата публикации
19 февраля 2025