Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары айқындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жібереді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "тұрғын үй көмегін тағайындау"мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.
Құжаттар тізімі
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтер;
- банктік шот;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
- жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
- "электрондық үкімет"веб-порталына:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
- отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
- жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі немесе тіркеу туралы анықтама
- жұмыссыз адам ретінде;
- балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
- банктік шоттың электрондық көшірмесі;
- ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі
- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп ұстау;
- коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың электрондық көшірмесі;
- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе
- байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
- Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
- "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
- Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.