Шығып қалғанның орнына Қарасу аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 2-3) тармақшасына, 101-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 3-1-тармағына, 103-бабы 7-тармағына сәйкес Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 30 наурызға № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Қарасу аудандық мәслихатының депутатын сайлау тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Қарасу аудандық мәслихатының депутатын сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін
  3. Мына мерзімдер белгіленсін:

1) 2025 жылғы 29 қаңтардан бастап 28 ақпан сағат 18.00-ге дейін шығып қалғанның орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну;

2) 2025 жылғы 29 қаңтардан бастап және 5 наурыз сағат 18.00-ге дейін шығып қалғанның орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу.

  1. Осы қаулы Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында және аудандық «Қарасу өңірі» газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы                                         А. Едигенов

 

Комиссия хатшысы                                         Б. Базарбаева

 

 

Дата публикации
29 января 2025