Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін тандау жөніндегі өлшемшарттар анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасу ауданы әкімдігінің «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін тандау жөніндегі өлшемшарттар анықтау туралы» 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №283 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6738 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.