ПРЕСС-РЕЛИЗ Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының жобасына

«Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірледі.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту болып табылады.

Қаулы жобасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабы 6-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу Әдістемесіне сәйкес әзірленді.

Осылайша, қаулы жобасын қабылдау жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектілерінің құнын анықтау үшін қажет.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы 2024 жылғы 17 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15240257 сілтеме бойынша және Қарасу ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылды.

 

 

Дата публикации
18 октября 2024