«Қарасу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 48 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

         Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қарасу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27500 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының
1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін                 атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген                 Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының                әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

  1. «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының  аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
05 сентября 2024