Мәслихаттың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 361 «Қарасу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106 және 109-баптарына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Мәслихаттың «Қарасу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 361 шешіміне (2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық  бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік   құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 8853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген шешімнің 1-тармағы  жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қарасу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті  тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 111 938,3  мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 1 293 045,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 7 101,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша –6 038,0 мың теңге; 

трансферттер түсімі бойынша –  4 805 754,3 мың теңге;

2) шығындар – 7 948 323,1 мың теңге;  

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 158 092,2  мың теңге,  оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 181 067,2   мың теңге; 

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 22 975,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 53 676,0 мың теңге, оның ішінде:

          қаржы активтерін сатып алу – 53 676,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 048 153,0 мың теңге; 

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 048 153,0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешім
Дата публикации
15 сентября 2020