Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына, 14 бабының 9 тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес 2024 жылғы 24 маусымдағы шешімімен 2024 жылғы 23 маусымда сайланған Қарасу ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімі етіп, Сайлау Рустемович Иманбеков, Қарасу ауданының Қарасу ауылдық округінің әкімі етіп, Марат Жомартұлы Бекқұлинов және Қарасу ауданының Люблин ауылдық округінің әкімі етіп, Андрей Николаевич Максимов тіркеді.