«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 113-5-бабының 14-тармағына сәйкес әкімге кандидаттар тіркелді:
Жамбыл ауылдық округі
- Иманбеков Сайлау Рустемович, 1970 жылы туған, жұмыссыз, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
- Мұхамеджанов Сәмір Бейбітұлы, 1993 жылы туған, «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар сапасын ішкі бақылау, мониторинг бөлімінің басшысы, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
- Рахымжанов Азамат Базарбекұлы, 1993 жылы туған, «Черняев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қарасу ауданы Ленин ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Қарасу ауылдық округі
- Бекқұлинов Марат Жомартұлы, 1969 жылы туған, жұмыссыз, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ұсынылды.
- Қанапин Дулат Ырымұлы, 1979 жылы туған, «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
- Сейтқалиев Қуанышбек Берікұлы, 1992 жылы туған, «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы секторының бас маманы, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Люблин ауылдық округі
- Аққуқаев Сабыржан Аққуқайұлы, 1989 жылы туған, «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, ТЖ, АҚ және АҚ бөлімі басшысының міндетін атқарушысы, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
- Максимов Андрей Николаевич, 1982 жылы туған, Люблин ауылдық округінің әкімі, Қарасу ауданы Люблин ауылында тұратын, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылды.
- Пучин Егор Сергеевич, 1995 жылы туған, «Ушаков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қарасу ауданы Ушаково ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы