2024 жылғы 28 мамырда сағат 18.00-де Қарасу ауданы Жамбыл, Қарасу және Люблин ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша сайлау округтерінде 12 кандидат ұсынылды, оның ішінде 10 кандидат – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен 1 кандидат «AMANAT партиясы» ҚБ ұсынылды және 1 кандидат «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024 жылғы 2 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.