«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарасу ауданы Жамбыл, Қарасу және Люблин ауылдық округтерінің әкімдеріне болуға кандидаттардың, аудандық сайлау комиссиясының хабарламалары сайлау алды науқанын өткізу кезеңінде «Қарасу өңірі» қоғамдық-саяси аудандық газетінде материалдарды орналастыруға келесі бағалар белгіленсін:- 1 ш. см үшін 230 теңге; Газетке жариялау үшін үгіт материалдары газет шыққанға дейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей жеткізілуі тиіс (мақалалар мәтіндік қалыпта, фотосуреттер jpeg форматында).