«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тармағының 1, 3 тармақшаларына сәйкес Қарасу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасу ауданында 2024 жылғы 23 маусымға сайлау тағайындалсын:
- Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы;
- Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы;
- Люблин ауылдық округі әкімінің сайлауы.
- 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалған Қарасу ауданы Жамбыл, Қарасу және Люблин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қарасу ауданының әкіміне жіберілсін.
- Осы қаулы Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында және «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы С. Жайлебаева
Комиссия хатшысы Б. Базарбаева