Мемлекеттік органның қызметі туралы есеп мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Жалғысқан кенті әкімінің аппараты».

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/НК бұйрығы) сәйкес «Жалғысқан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсететін кеңсенің орналасқан жері (мекен-жайы, телефоны): Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Жалғысқан ауылы, Павлова көшесі, 22 үй, байланыс телефондары: 91-4-33.

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 1, Е-лицензия арқылы – 0.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 5 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 3 қызмет;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 5 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5 мемлекеттік қызмет;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді актілердің және нормативтік құқықтық актілердің саны – 5.

3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

- мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу - 1.

  1. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің www.karasu.kostanay.gov ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгендіктен, веб-сайттың осы бөлімі жаңартылуда. Ақпарат сонымен қатар Аппарат ғимаратында орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат: жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

Құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді немесе әрекеттерді анықтауға жағдай жасау мақсатында басқармада 91-4-33 «сенім телефоны» ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол арқылы азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Ауыл әкімінің жеке қабылдаулары арқылы тұрғындармен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

Сондай-ақ, Қарасу ауданы әкімдігінің www.karasu.kostanay.gov ресми сайтында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша материалдар жариялануда.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Қызметкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің негізгі ережелері Құқықтық білім мектебінде сабақтарда жүйелі түрде қамтылады.

Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру курстарынан тұрақты түрде қамтылып отырады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат (қосымша): көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт ішінде Әкімшілік тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімінің бұзылуы анықталмады.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау нәтижелері: жүргізілген жоқ.

4) Қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

мемлекеттік қызметтер: орындалмаған.

  1. Одан әрі тиімділік пен қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары: бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.8
Дата публикации
17 апреля 2024