«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

          2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, электрондық нысанда «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруге мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыратын заңды тұлға;»

6 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіргенге байланысты, кірістерді есепке алмағанда, бір мезгілдік 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде»;

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



Дата публикации
15 апреля 2024