Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарасу ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.
Қарасу ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Д. Турсунбаева