|
1. Жалпы ережелер. |
|||||||||||||||||
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
|
Көрсетілетін қызметті ұсынушы: «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ, бұдан әрі «Бөлім» - Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көш., 66, №7 каб. Тел: 8 (714 52) 79031, 21771, e-mail: karasuzem@mail.ru
|
||||||||||||||||
|
2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Барлық қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, Жер қатынастары саласындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына және Ауыл шаруашылығы Министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы №236, 2023 жылғы 01 тамыздағы №287 Бұйрықтарына енгізілген өзгерістеріне сәйкес көрсетіледі. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы №39 НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің Бұйрығына 2023 жылғы 09 маусымдағы № 174/НҚ, 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 11 қызмет түрін ұсынады: 1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру». 2. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру». 3. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту». 4. «Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау». 5. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»; 6. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» («Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» қызметінің жаңа атауы); 7. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»; 8. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру». 9. «Жер учаскесін жеке меншікке бір жолғы не бөліп-бөліп сату». 10. «Жер учаскесін алуға кезекке қою». 11. «Жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту».
Есепті жыл ішінде «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу» мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді. ЭҮП-дағы техникалық іркіліс себебінен «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі тек қағаз түрінде көрсетілді. Бөлімде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
|
||||||||||||||||
|
|
2022 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
403 |
|||||||||||||||
|
Е-лицензия арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
381 |
||||||||||||||||
|
Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
22–қағаз түрінде |
||||||||||||||||
|
Бас тарту саны |
20 |
||||||||||||||||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген қағидалардың саны |
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелеріне екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді |
||||||||||||||||
|
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2023 жылдың 12 айында «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 403 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Е-лицензия» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 381 (еgov порталы арқылы), бөлімде - 22. Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» – 159
1-кесте
|
||||||||||||||||
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
|
|||||||||||||||||
|
1) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: |
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қарасу ауданы әкімінің ресми сайтында және Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері туралы өзекті ақпарат, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетудің жаңа қағидалары, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері және көрсетілетін қызметті алушылар үшін өзге де ақпарат (мемлекеттік және орыс тілдерінде) уақтылы орналастырылады. «Қарасу өңірі» газетінде «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету және заңнамадағы өзгерістер туралы» мақалалар мерзімді жарияланып тұрады. Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, көрсету қағидалары, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болатын мемлекеттік органның байланыс телефондары орналастырылған. Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд ресімделді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар айқындалды. |
||||||||||||||||
|
2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
||||||||||||||||
|
3) Мероприятия, направленные на обеспечение прозрачности процесса оказания государственных услуг (разъяснительные работы, семинары, встречи, интервью и. иное) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде және қызметтік телефон арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын түсіндіру мақсатында, тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту, бөлім басшысының жанындағы кеңестер жүргізіледі. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, статистикалық есептіліктің бұрмалануына жол бермеу, ақпараттық жүйенің техникалық ақауларын («Е-Лицензиялау» ЫАЖ) жою және болдырмау мақсатында бөлім мамандары ҰАТ АҚ мамандарымен тығыз жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда ақпараттық жүйеде проблемалар туындаған кезде уәкілетті органдарға хабарлама-хаттар жіберіледі. |
||||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет |
|||||||||||||||||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері олардың саны мен сапасына оң әсер етеді. Өткен жылы барлық ауылдық округтерде Е-Лицензиялау АЖ лицензиар таңдаудағы қателік жойылды. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу» қызметі бойынша жұмыс жанданды, электрондық форматта көрсету саны ұлғайды. Қазір қағаз түрінде тек бірінші кезең автоматтандыруға дейін өткен қызметтер ғана көрсетіледі. |
||||||||||||||||
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
«Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бас мамандары үшін тұрақты негізде кеңестер, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құқықтық білім мектебі өткізіледі. 2022 жылы 7-9 қараша аралығында бөлім маманы «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2023 жылы біліктілікті арттыру басқа тақырыптар бойынша жүргізілді. |
||||||||||||||||
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау |
|
||||||||||||||||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
2023 жылдың 12 айында қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. |
|
|||||||||||||||
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
Ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін мониторинг бөліміне ай сайын есеп қалыптастырылады, онда өткен кезеңде көрсетілген қызметтердің саны, көрсету тәсілдері, нәтиже беру нысаны, бөліммен қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бақылау іс-шаралары туралы ақпарат қамтылады. |
|
|||||||||||||||
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері |
«Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ. |
|
|||||||||||||||
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру |
|
||||||||||||||||
|
Қызмет көрсету тәртібінің қолжетімділігі мақсатында «Бөлімде» ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат (қағидалар, қажетті құжаттар тізбесі) орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін жеке үстел, орындық, толтырылған өтініш үлгілері, күтуге арналған орындық бар. Ғимаратқа кіре берісте мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус қарастырылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі аудандық «Қарасу өңірі» газетінде және Қарасу ауданы әкімінің сайтында мерзімді жарияланып тұрады. Ескертулер мен ұсыныстар үшін жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштеріне арналған жәшік, сондай-ақ сенім телефоны туралы ақпарат бар. Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2024 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көпшілікке танымал етуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлайды. |
|
||||||||||||||||
«Қарасу ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» ММ
басшысы Р. Салкенов