«Қарасу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихат шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

/с №

Түсiндiрме жазбада көрсетiлуге тиiс 
мәлiметтердiң
тiзбесi

Ескерту

1.

Шешім жобасының атауы

 «Қарасу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешім

 

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып,          жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру.

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Шығындар жоқ.

4.

Жоба қабылданған жағдайда бол жанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау жағымсыз, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Мақсаты - қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтіру.

Мерзімі - алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6.

Қаралатын жоба мәселелері бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

1) Қарасу аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы                              6 маусымдағы  № 32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                 № 6503 болып тіркелген) шешімі;

2) Қарасу аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2016 жылғы                                       6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 316 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  № 8364 болып тіркелген) шешімі;

3) Қарасу аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2016 жылғы  6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 438 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9533 болып тіркелген) шешімі;

4) Қарасу аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2016 жылғы  6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 94 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26592 болып тіркелген) шешімі;

5) Қарасу аудандық мәслихатының «Қарасу аудандық мәслихатының 2016 жылғы                       6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы  16 маусымдағы № 140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28608 болып тіркелген) шешімі;

6) Қарасу аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»                          2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9975 болып тіркелген) шешімі.

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ.

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

 

9.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат

 

10.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Ешқандай қатысы жоқ.

11.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Әсер етпейді.

 

 

«Қарасу ауданы «Жұмыспен қамту

 және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ  басшысы                                                                                    А.Ерменова

 

 

Дата публикации
28 февраля 2024