270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға қатысты

арасу ауданы бойынша МКБ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда (270.00-нысан) көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарғанын мәліметке жеткізеді.
Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару не өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды.
Бұдан басқа, кірістер мен мүлік туралы Декларацияда (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.
Қазіргі уақытта кірістер мен мүлік туралы Декларацияға (270.00-нысан) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, бекітілгеннен кейін 270.00-нысан мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты Сіз қолданыстағы 270.00 нысаны бойынша міндеттемені орындауға құқылысыз.
Егер 2024 жылы "қабылданған" және "бөлінген" мәртебесі бар кірістер мен мүлік туралы декларацияның қолданыстағы нысаны (270.00 нысаны) ұсынылса, онда 270.00 нысанындағы декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды.
Естеріңізге сала кетейік, кірістер мен мүлік туралы Декларацияны (270.00-нысан) 2024 жылы 2021-2023 жылдар аралығында активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған барлық жеке тұлғалар ұсынады.
Ұсыну мерзімі-2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) "салық төлеушінің кабинеті" арқылы электрондық түрде ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы
«e-Salyq Azamat», «eGov mobile».

Жетекшісі Бейсенов М. А.

Дата публикации
22 февраля 2024