Қарасу ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

          1 бөлім. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Қарасу ауылдық округінің құрамына мыналар кіреді: Қарасу ауылы, Восток ауылы, Май ауылы, Жұмағұл ауылы, Тімтүір ауылы. Қарасу ауылы аудан орталығы болып табылады 1939 жылы құрылған, Қостанай облысының шығысында орналасқан.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Қарасу ауылының аумағы 2927 га құрастырады.

Қарасу ауылдық округінің жалпы аумағы 3695 га құрайды.

Халық саны 5019 адам, 1447 – аула.

Кәсіпкерлік

Қарасу ауылдық округте 4 ЖШС, 30 ШҚ, 163 ЖК шаруашылық субъектісі тіркелді, қызметтің негізгі түрі – өсімдік шаруашылығы, сауда-сатып алу және халыққа қызмет көрсету.

Қарасу ауылдық округінің 2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша мал санының басы 1200 ірі қара мал басты (оның ішінде 793 сиыр), 572 жылқыны, 1889 қой мен ешкіні, 1057 шошқаны, 28318 құстың барлық түрлерін құрайды.

            Білім беру

Қарасу ауылының аумағында 2 мектеп, 2 балабақша бар.

Қарасу орта мектебінің сыйымдылығы 94,5% (қуаттылығы 459 оқушы, іс жүзінде 434).

Мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің сыйымдылығы 30 % (қуаттылығы 320 оқушы, іс жүзінде 96).

Аралас тілде оқытатын «Балапан» балабақшасының сыйымдылығы 87 % (қуаттылығы 118 тәрбиеленуші, іс жүзінде 103 тәрбиеленуші).

«Нур саби» балабақшасының сыйымдылығы 88 % (қуаттылығы 100 тәрбиеленуші, іс жүзінде 88 тәрбиеленуші).

Восток ауылының аумағында 1 мектеп, 1 балабақша бар.

Орта мектебінің сыйымдылығы 48,2 % (қуаттылығы 450 оқушы, іс жүзінде 217).

Аралас тілде оқытатын «Ақ-Ерке» балабақшасының сыйымдылығы 83 % (қуаттылығы 68 тәрбиеленуші, іс жүзінде 57 тәрбиеленуші).

Қарасу ауылында Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі бар – 169 оқушы оқиды (қуаттылығы 360 оқушы). Колледж 3 мамандық бойынша оқушыларды дайындайды (бухгалтер, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-жүргізуші, аспазшы).

      

Дата публикации
15 января 2024