1-бөлім. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер
Қарасу ауданының Ильичев ауылдық округі үш ауылдан тұрады: Комсомольское, Қызкеткен, Новоселовка, . Округ орталығы-Комсомольское ауылы , 1954 жылы құрылған. Облыс орталығынан 140 км, аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс
Ильичев ауылдық округінің аумағы 115155 га құрайды.
Халық саны-990 адам (315 отбасы), аула-296.
Кәсіпкерлік
Ауылда 49 шаруашылық субъектілері тіркелген, негізгі қызмет түрі – Өсімдік шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету саласы.
Ильичев ауылдық округінің мал басы 2024 жылдың 1 қаңтарына 1285 бас ірі қара мал (оның ішінде 511сиыр), 652 жылқы, 947 қой мен ешкі, 406 шошқа, 2413 құс барлық түрлерін құрайды.
Білім.
Ильичев ауылдық округінің аумағында 2 мектеп бар:
Ильичев орта мектебі 35,5 % (қуаты 287 оқушы, іс жүзінде 102).
Новоселовка негізгі мектебі 16,5 % (қуаты 230 оқушы, іс жүзінде 38).