1-бөлім.
Ушаков ауылдық округі 2000 жылы құрылған
Ушаков ауылдық округіне 3 ауыл кіреді: Панфилов, Ушаков, Заря.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс
Ушаков ауылдық округінің аумағы 152 636 гектар
2024 жылдың 01 қаңтарына халық саны 376 адамды (153 отбасы), 149 ауланы құрайды.
Кәсіпкерлік
Ушаков ауылдық округінің аумағында бөлшек саудамен айналысатын 5 жеке кәсіпкер өз қызметін жүзеге асырады. Ушаков ауылында үш ауылды нанмен қамтамасыз ететін наубайхана жұмыс істейді.
Ушаков ауылдық округінде 799 бас ірі қара, оның ішінде 467 сиыр бар. Соңғы екі жылда мал басы азаюда, жылқы 252 соңғы екі жылда мал басы азаюда, қой мен ешкі - 430 соңғы үш жылда мал басының азаюда , шошқа-29,барлық түрдегі құстардың азаюда 784.
Білім.
Ауылдық округте Ушаков негізгі мектебі, Панфилов бастауыш мектебі білім беру қызметін жүргізеді. Мектептерде барлығы 39 оқушы оқиды.
Ушаков мектебінде компьютерлік сынып, интерактивті тақтасы бар лицензияланған кабинет, кітапхана, спорт залы, акт залы, спорттық ойындарға арналған жазғы алаң бар. Білім беру үдерісін 15 мұғалім жүргізеді, оның ішінде 10 мұғалім жоғары білімді. Мектеп ғимаратында Мектеп жанындағы интернат орналасқан, онда Панфилов, Заря ауылдарынан 13 бала тұрады және оқиды. Екі ауылдан балаларды апта сайын алып келу жүзеге асырылады. Ушаков негізгі мектебінің базасында "Қарлығаш"шағын орталығы жұмыс істейді. 2 бала қатысады, ата-ана қаражаты есебінен 4 рет тамақтану ұйымдастырылған.
2-бөлім "Ушаков ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары
Қарасу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсан "Қарасу ауданының ауыл, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы" № 106 шешімімен бекітілген.