1 тарау. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері
Люблин ауылы 1906 жылы құрылған, Люблин ауылдық округінің орталығы болып табылады.
Люблин ауылдық округіне 3 ауыл кіреді: Люблинка, Корниловка, Симферополь
Әкімшілік-аумақтық бөлініс.
Люблин ауылдық округінің аумағы 53509 гектар. Егістік 45792 га, жайылым 2200 га құрайды.
Халық саны - 989 адам, 338 - аула
Кәсіпкерлік
Шаруашылық субъектілерінің саны 38 бірлік, оның ішінде - 4 ЖШС, 12 шаруа қожалығы, негізгі қызмет түрі өсімдік шаруашылығы, ЖК – 19, сауда-сатып алу және халыққа қызмет көрсету.
Люблин ауылдық округінде 1059 бас ірі қара мал (оның ішінде 453 сиыр), 128 жылқы, 392 қой мен ешкі, 2056 шошқа, құстың барлық түрлері - 4969.
Білім. Люблин ауылдық округінің аумағында 1 орта мектеп (Люблинка ауылы) жұмыс істейді, білім алушылардың саны – 146 адам, 1 бастауыш мектеп (Симферополь ауылы) білім алушылардың саны – 10 адам.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалар саны – 35 адам.