Черняев ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті.

     

        1-бөлім. Негізгі әлеуметтік  экономикалық  көрсеткіштер

 

       Черняев ауылдық округі 14.02.1957 жылы Қостанай облысының шығысында орналасқан.

        Әкімшілік-аумақтық бөлініс

        Черняев ауылдық округінің аумағы 45786 га құрайды.

        Халық саны 1 010 адам( 260 отбасы), аула-251.

        Кәсіпкерлік

        Ауылда 1 шаруашылық субъектісі және 25 КШ тіркелген, негізгі қызмет түрі-сауда-сатып алу және халыққа қызмет көрсету.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мал басы 1797 бас ірі қара мал (оның ішінде 872 сиыр), 163 жылқы, 249 қой мен 7 ешкі, 506 шошқа, 2708 құс барлық түрлерін құрайды.

        Білім.

       Черняев ауылдық округінің аумағында 1 мектеп бар:

      "Ленин жалпы білім беретін мектебі" КММ 32,75% толымдылығы (345 оқушы қуаты, іс жүзінде 113).

            2 бөлім «Черняев  ауылдық  округі  бюджетінің  түсімі  және шығыстары»

 

      Қарасу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсан №106 "Қарасу ауданының ауыл, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы" шешімін іске асыру туралы

Дата публикации
11 января 2024