2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және ҚР бюджеттік параметрлері негізінде жүзеге асырылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында айқындалған негізгі ұстанымдар ескерілді.
Бюджет «Қарасу ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 100 шешімімен бекітілген.